Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ақын Оразақын Асқар өмірден өтті

Опубликовано:

Қазақтың танымал ақыны Оразақын Асқар 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

фото: Ана тілі, kitap.kz, коллаж: NUR.KZ
фото: Ана тілі, kitap.kz, коллаж: NUR.KZ: Facebook

Бұл хабарды Мәдениет және спорт министрлігі растады.

"Оразақын Асқар бір сағат бұрын Алматыда ауыр науқастан көз жұмды. Марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Ақынды ақтық сапарға шығарып салу мен жерлеу бойынша кейінірек ақпарат береміз", - деді министрліктің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Оразақын Асқар 1935 жылы Қытай Халық Республикасының Іле аумағында өмірге келген.

Oл көптeген жыл Қaзaқ КСР Ғылым aкaдемиясының Ш. Уәлихaнов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, "Жалын" баспасында аға редактор қызметтерін атқарған.

Оразақын Асқар -"Тұңғыш" (1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (1975), "Ләйла" (1977), "Көкорай" (1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудай бол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (1991), "Баркөрнеу" (1992), "Орбұлақ" (2000), "Тәуелсіздік тартулары" (2001) атты жинақтардың авторы.

Ол қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинастырып, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады "Қара өлең" (1989, 1997).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774898-belgili-akyn-orazakyn-askar-mirden-tti/

pixel