RU
25 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

25 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін мақсатыңызды анықтап, соған қарай ұмтылу керек. Бұл жұмада күш-қуатыңыз көп болғандықтан, оны дұрыс пайдалана білу керек. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 25-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

Kolobok.ua

Көрнекі фото:Kolobok.ua

1. Тоқты

Жұмысыңыз бен кәсібіңізге көңіл бөліңіз. Бірақ демалыстар жақындағандықтан, отбасымен уақыт өткізуге дайындалыңыз. Сүйіктіңізді кездесуге, қонаққа немесе киноға шақырыңыз.

2. Торпақ

Бүгін кез келген жағдайда ұқыпты боласыз. Ұқыптылықты сараңдықпен шатастырмау керек. Сүйіктіңізге қымбат сыйлық әпермесеңіз де, тұрмыста пайдалы нәрсе сыйлайтыныңыз сөзсіз.

3. Егіздер

Бүгін басқалармен тіл табысуыңыз қиындайды. Себебі сіз бүгін жайдары көңіл-күйде болсаңыз да, айналадағылардың көңіл-күйі сіздікіне сәйкес келмейді. Бұған ренжімей, осы күннен ләззат алыңыз.

4. Шаян

Бүгін сізді туған-туысқандарыңызға қатысты мәселе мазалайтын болады. Жұмысыңыз басыңыздан асып жатса да, туғандарыңызға уақыт таба білесіз. Басшылық қандай тапсырма берсе де, сіз жұмыс орнында кідірмейсіз. Себебі отбасы бәрінен де қымбат.

5. Арыстан

Бүгін күш-жігеріңіз тасып, оны қайда жіберетініңізді білмей дал боласыз. Көптеген істер жинақылық пен ұқыптылықты талап етеді, ал сіздің тасыған қуатыңыз жылдам әрекеттерді талап етеді.

6. Бикеш

Бүгін отбасылық бюджетке көңіл бөлу керек. Ақшаның қайда және дұрыс жұмсалып жатқандығын анықтаған жөн. Егер бәрі көңіліңізден шықса, болашақта қомақты ақша талап ететін мүлікті сатып алу жағын қарастыру керек.

7. Таразы

Айналадағы адамдарға күш-қуатыңыз көп екенін, сізге тапсырманы үйіп беруге болатынын көрсетпеуге тырысыңыз. Әйтпесе әріптестеріңіз, не басшылық сіздің қаншалықты іс атқара алатыныңызды тексермек болады. Сондықтан тыныш жүруге тырысыңыз.

8. Сарышаян

Бүгін қандай жағдай болмасын ертерек үйге қайтуға тырысасыз. Ондай мүмкіндік болмаса, істі үстіртін атқара бастайсыз. Бәлкім, бұл аптаның аяқталуымен байланысты. Кешкісін концертке немесе көрмеге барып, біраз сергіп қайтқан дұрыс.

9. Мерген

Бүгін жеке өмір мен жұмыстың ара жігін ажыратып алған дұрыс. Кәсіби істерде асығыс шешім қабылдамай, тәжірибеңізге қарай шешім қабылдаңыз. Ал жеке өміріңізде сүйіктіңізбен романтикалық кеш ұйымдастыруға болады.

10. Тауешкі

Бүгін жаңашылдықтар мен өзгерістерден бас тартып, үйреншікті істермен айналысқан жөн. Мұндайды зеріктіретін істер деп санамаңыз. Кейде үйренген әдістер басқаларға қарағанда әлдеқайда тиімді. Кешке соған көзіңіз жетеді.

11. Суқұйғыш

Айналадағы адамдар сізге ақыл айтуға әуес болады. Қажетсіз кеңестерге дайын болыңыз. Бұл сізге ұнамаса, бірден пікіріңізді айтыңыз. Бұл жұма жаныңыздың қалауын орындауға қолайлы.

12. Балықтар

Бүгін сіздің тілдесуге шабытыңыз оянады. Өткен-кеткенге жоспарларыңыз бен идеяларыңызды айтасыз. Бірақ соншалықты ақкөңіл болудың қажеті жоқ. Біріншіден, болашақ жоспарларыңызға көз тиюі мүмкін. Екіншіден қажетсіз сын пікірлер шабытыңызды өшіруі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel