RU
Астанада 46 жастағы азамат бір жарым млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Астанада 46 жастағы азамат бір жарым млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен

Рассказать Вконтакте

Астаналық полицияға қонақүй кіре берісінде бір жарым миллион теңге салынған иыққабын ұрлатқан әйел адам хабарласқан. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Коллаж:vnd12.ru/Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Коллаж:vnd12.ru/Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Жәбірленушнің сөзінше, ол иыққабын үстелдің үстіне қойып кеткен. Бірнеше минуттан кейін қайтып келгенде сөмкесін таппай қалған.

"Сарыарқа" ауданының қылмыстық істі тексеру полиция қызметкерлері бақылау камераларының көмегімен 46 жастағы ер азаматты тұтқындап, уақытша ұстау абақтысына жеткізді.

"Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осындай басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Осы адамның заңсыз әрекеттерінен жапа шеккендер болса, "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасына келуге немесе төмендегі төлефондармен хабарласуға шақырады: 8(7172) 71-66-14, 71-66-76, 71-60-69 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel