Выйти
RU

"Дөрекі, дауысы жуан": Сара Амангелді өзін қатаң сынға алғандарға жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі өз оқырмандары тарапынан дене бітімі мен түр-келбетіне орай қатты сыналып жатқанын айтты. Сара Амангелді ғаламтор кеңістігінде өзіне қатысты керағар пікір білдіргендерге жауап берді деп жазады NUR.KZ.

Желі оқырмандарының толассыз пікірлерінен мезі болған экс-кешьюлік ару оларға арнап Instagram парақшасына жазба қалдырған.

"Қымбатты менің оқырмандарым, көрермендерім! "Келінжан" телесериалы менің кинодағы алғашқы тәжірибем.

Кемшіліктердің бар екенін өзім де жақсы білемін. Кәсіби актерлердің қатарында ойнаудың өзі мен үшін өте қиын да қызықты болды.

Сынды көтере аламын. Бірақ өтініш, менің жеке басыма қатысты жаман сөздер жазбаңыздаршы.

Дөрекі, белі жоқ, дауысы жуан, түрі масқара деген сияқты. Жүрегім ауырып қалады.

Менің жаратылысым сондай, нәзік қылып тумадыңыз ба анашым? Осы түріммен-ақ талай жігіттің жүрегін ауыртып жүрген жайымыз бар.

Бәріне жақсылық тілеймін. Көреалмаушылыққа да ие бола білу керек шығар" , - деп жазған Сара Амангелді.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Амангелдінің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дөрекі, дауысы жуан": Сара Амангелді өзін қатаң сынға алғандарға жауап берді