RU
Теледидарды қиратқан Жанар Айжанованы желідегілер сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Теледидарды қиратқан Жанар Айжанованы желідегілер сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Желіде Жанар Айжанованың теледидарды сындырып жатқан видеосы тарап кетті. Аталмыш бейнежазба ғаламтор кеңістігінде бірден қызу талқыға түскен. Көпшілік әншінің қылығын ерсі санап, оған қатысты керағар пікірлерді қарша жаудырған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ

Аталмыш бейнематериалды шоу-бизнес жұлдызы өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.

Елді шулатқан видеода Жанар Айжанова қолына таяқ ұстап алып, онымен теледидарды қиратып тастайды.

Әншінің бұл әрекеті желі оқырмандарының көңілінен шықпаған. Олар бейнежазбаның астына өздерінің түрлі пікірлерін қарша боратқан.

"Жазығы не? Ұят мынау деген" , "Басынан бастап-ақ ұнамай жатыр бағдарламаларың", "Тәрбие дегеннен жұрдай, нағыз ақымақтың ісі" , "Айып етпеңіз өзіңіз де қараған шығарсыз осы роликті , ерсі өте ерсі, ұят қылық сіздің тарапыңыздан", "Жарасса бұйырмасын, не киіп алған үстіне" , "Не болып барады мына заман? Үлпілдеген үкісін тағып ән салған апамыздың мына қылығы ерсі енді" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
29
5
5
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel