RU
Қостанайда босануға бара жатқан жүкті әйел жол апатына түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда босануға бара жатқан жүкті әйел жол апатына түсті

Рассказать Вконтакте

Қостанайда "Лексус" және жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Арнайы транспортта жүкті әйел мен санитаршы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Оқиға бүгін, 24 қаңтарда түскі уақытта орын алған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде босандыруға алып бара жатқан жүкті әйел мен санитаршы болыпты.

Арнайы транспорт жолда рұқсат етілген жылдамдықпен жүріп отырған. Жүргізуші жол ережесін бұзбапты.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Сол уақытта жолдың қарсы бетінен "Лексус" шығып, бір-біріне соқтығысқан.

Соққы алған санитаршыны ауруханаға алып кеткен.

Ал жүкті әйел жарақат алмапты.

Полиция қызметкерлері толығырақ ақпаратты кейінірек беретінін айтты.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel