Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денисті өлтіргендер Есентаев пен Жамалиев отырған түрмеге қамалатын болды

Опубликовано:

Қиясов пен Арман Құдайберген, Қайрат Жамалиев, Бақытбек Есентаев
Қиясов пен Арман Құдайберген. Қайрат Жамалиев. Бақытбек Есентаев: UGC

Денис Тенді өлтірген Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенді жазаларын өтеу үшін қайда жіберетіні анықталды. Сондай-ақ, қылмыстық іске қатысы бар Толыбаеваның да өз мерзімін қайда өткізетіні белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің комитеті Zakon.kz сайтына 18 жылға сотталған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеннің Алматы облысы Заречный елдімекенінде орналасқан қатаң режимдегі ЛА-155/8 колониясына жіберілетінін мәлімдеген.

Ал қылмыс жайында хабарламағаны үшін 4 жылға сотталған Жанар Толыбаева Алматы облысы Іле ауданы Жауғашты елдімекенінде орналасқан ЛА-155/4 колониясында өз жазасын өтейді.

Жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сайтында Қиясов пен Құдайбергеновтің мерзімін өтейтін түрмеде ескерткіштер мен мәрмәр тастан жасалған бұйым шығаратын цех бар екені айтылады.

Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты
Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты: UGC

Сондай-ақ, бұл жерде наубайхана мен тігін цехы бар. Колония аумағында тауық өсіріп, нан пісіріледі.

Айта кетейік, осы колонияда Баян Алагөзованың бұрынғы жары Бақытбек Есентаев та жазасын өтеп жатыр. Ол 2017 жылдың ақпанынан бастап осы жерге орналасқан.

Есентаев бұрынғы әйелінің өміріне қастандық жасағаны үшін 9 жылға сотталған еді.

Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты
Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты: UGC

Сонымен қатар, ЛА-155/4 колониясында атышулы бизнесмен Қайрат Жамалиев те отырған. Ол Әліби Жұмағұловты ұрғаны үшін 13 жылға сотталған болатын.

Кейін бұл мерзім 7 жылға азайтылып, ақырында Жамалиев айыппұлмен құтылды.

Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты
Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты: UGC

Ал Жанар Толыбаева мерзімін өтейтін ЛА-155/4 колониясында балық консервілер мен кір сабын өндіріліп, нан пісіріледі.

Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты
Фото: Алматы облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми сайты: UGC

Айта кететіні, Жауғашты түрмесінде қазақстандық трансгендер Виктория Берікқожаева да бар. Ол қорқытып-үркіту арқылы ірі көлемде қаражат алғаны үшін түрмеге тоғытылған. Қазіргі уақытта оған тағы бір жаза мерзімі қауіп төндіріп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тенді өлтірген күдіктілерге 17 қаңтар күні сот үкім шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774955-denisti-ltirgender-esentaev-pen-zamaliev-otyrgan-trmege-kamalatyn-boldy/

pixel