RU
Ақтөбеде банк күзетшісі букмекерлік кеңсені тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде банк күзетшісі букмекерлік кеңсені тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде банк күзетшісі жұмысқа барар жолда букмекерлік кеңсені тонап кетті деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: ua-reporter.com

Көрнекі фото: ua-reporter.com

23 қаңтар күні сағат 8:00 шамасында тапаншаға ұқсас затпен букмекерлік кеңсеге кірген белгісіз азамат кассадағы 129 мың теңгені алып кеткен.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғаушылар шұғыл оқиға орнына барып, банк күзетшісін ұстаған.

"Букмекерлік кеңсе жанында орналасқан банктің күзетшісі ұсталды. Одан ақша мен ойыншық тапанша тәркіленді. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабымен іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel