Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде ҰҚК арнайы операциясының видеосы тарады

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Youtube-тағы ресми парақшасына оңтүстік астанада өткен арнайы операцияның видеосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнежазбада қылмыскерлердің ұсталғаны мен олардың Таяу Шығысқа жеткізбек болған авиациялық құралдары көрсетілген.

Айта кету керек, заңсыз келісімнің құны 122 мың долларды құраған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қарсы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін қылмыстық топ құрамындағы қазақстандықтар республикадан заңсыз түрде Таяу Шығысқа авиатехника тасымалдамақ болған.

ҰҚК қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774980-zelide-kk-arnajy-operaciasyny-videosy-tarady/

pixel