RU
Қырғыз шекарасында оққа ұшқан қазақстандықтың денесі туыстарына берілді
Жаңалықтар Қоғам

Қырғыз шекарасында оққа ұшқан қазақстандықтың денесі туыстарына берілді

Рассказать Вконтакте

Қырғыз шекарасында оққа ұшқан қазақстандықтың денесі туыстарына берілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: sts.sumy.ua

Көрнекі фото: sts.sumy.ua

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Біздің консул Талас облысындағы оқиға орнында болды. Жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында ол болған оқиғаның объективті түрде тергелуіне баса назар аударды", -делінген хабарламада.

Қырғыз тарапы тәртіп сақшылары аталған жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Ал қазақстандықтың денесі консулдың қатысуымен жақындарына тапсырылды.

Аталған істі екі мемлекеттің құқық қорғау органдары тергейді. Ал Қазақстан елшілігі тергеу барысын өз қадағалауына алмақ.

Одан бөлек, Смадияров екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары Бейбіт Атамқұлов пен Чингиз Айдарбеков бұл жағдайды ұялы телефон арқылы талқылағанын айтты.

Айта кетейік, бірнеше қазақстандық азамат шекарадан заңсыз түрде мал алып өтпек болған. Олардың бірі атыс кезінде оққа ұшып, ауруханаға апара жатқанда көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel