Выйти
RU

Қазақфильм Қасым хан туралы сериалға кастинг жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда "Қасым хан" деп аталатын ірі киножобаның актерлеріне кастинг жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: archive.li

Көрнекі фото: archive.li

Жоба көп сериялы болмақ. Картинада қазақтың беделді хандарының бірі Қасым ханның өмірі туралы айтылады.

"Қазақфильм" киностудиясы барлық қатысқысы келетін адамдарды түсірілім сынамасына шақырады.

"Басты, қосымша және эпизодты рөлдерге үш жастан 80 жасқа дейінгі ер-азаматтар мен әйелдер, балалар шақырылады", -делінген киностудияның ресми хабарламасында.

Басты талаптардың бірі қазақ тілін білу болып табылады. Ал ер-азаматтардың бойы 180 сантиметрден ұзын болуы кастингтен өту мүмкіндігін арттырады.

Жоба Мәдениет министрлігінің тапсырысы арқылы жүзеге асады.

Кастинг барлық Қазақстанды қамтиды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақфильм Қасым хан туралы сериалға кастинг жариялады