RU
Тараздық келіншекті күйеуі мен қайын енесі өлтіргені рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Тараздық келіншекті күйеуі мен қайын енесі өлтіргені рас па?

Рассказать Вконтакте

21 жасында тұрмысқа шыққан Жамбыл облысының тұрғыны Гүлнұр Тұрдалы өткен жылы қайтыс болған еді. Жас қыздың туыстары оның өзіне қол жұмсап өлгеніне сенбей, күйеу баласы мен құдағиын сотқа берген болатын. Алайда сарапшылар келіншектің өзіне қол жұмсағанын анықтап, ақыры іс жабылған деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Гүлнұр Тұрдалы. Фото: КТК арнасынан

Гүлнұр Тұрдалы. Фото: КТК арнасынан

Екі айға жуық жүргізілген тергеу ісінің нәтижесінде, сарапшылар Гүлнұр Тұрдалыны өз-өзіне қол жұмсаған деген ұйғарымға келді. Сондықтан тергеушілер бұл даулы істі жауып тынған.

"Бізді ешкім қолдап жатқан жоқ. Өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. Ол жап-жас қыз. Бұның қайын сіңлісі, енесі күйеуі бар, осы үшеуінен көріп отырмыз деп айтқанбыз", - дейді марқұмның ағасы Сүлеймен Ысақов.

Жәбірленуші тараптың прокуратураға түсірген арызы бойынша іс қайта қаралып, бастапқы болжамның дұрыс екені айтылған.

"21 -ші желтоқсанда Жамбыл ауданы прокуратурасының шешімі бойынша іс қайта қозғалып, қосымша тергеу шаралары жүргізілді. Олар тек бастапқы нұсқаны растады. Сондықтан 28 желтоқсанда Қылмыстық процессуальдық кодекстің 35 бабының 1-бөлігі, 2-тармағына сәйкес өндірістен қысқартылды", - дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Бұл шешімдермен келіспеген марқұм Гүлнұрдың туыстары мәйітке эксгумация жасатып, комиссиялық сот-сараптамасын жүргізгісі келетінін мәлім етті. Олар жап-жас қыздарының суицид жасағанына әлі күнге сенбейді.

"Сараптама қорытындысының 9 пункті бойынша қателіктер бар. Гистологиялық тексеру жүргізбеген. Оқиға орнында түсініктеме алмаған. Тіпті Тұрдалының киімін тексеру де назарға алынбаған. Оған зорлық-зомбылық көрсетілді ме, ол жағы да анық емес?! Енді біз мәйітке эксгумация жасатып, комиссиялық сот-сараптамасын жүргізуге мәжбүрміз", - дейді адвокат Елена Ушакова.

Айта кетейік, қанды оқиға осыдан 4 ай бұрын болған. Күйеуге шыққанына небәрі 9 ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп, дәлізде сұлап жатқан жерінен енесі көрдім деген. Гүлнұр ауруханаға жетіп көз жұмады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
5
7
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel