RU
Оралда 40 теңгесі болмаған оқушыны аязды күні автобустан түсіріп кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 40 теңгесі болмаған оқушыны аязды күні автобустан түсіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

23 қаңтар күні Оралдың Зачаган кентіне қарасты «Арман» шағынауданында 3 сынып оқушысын аязды күні автобустан түсіріп кеткен кондуктор жұмыстан шығарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

пппппп

Көрнекі фото: novoetv.kz

№10 мектепте оқитын Ерасыл Ризоков №2 бағытпен жүретін автобусқа сабақ біткеннен кейін сағат 18.15 шамасында мінген.

Қалтасында жолақы төлеуге 40 теңгесі болмаған баланы кондуктор аялдамадан түсіріп кеткен. Өкінішке орай, жолаушылардың арасында ешкім көмек қолын созбапты.

Қараңғы түсіп кеткендіктен, оқушы үйлерді жобалап жүріп ақыры өз үйін тапқан. Оған дейін ата-анасы мектептен, мұғалімдер мен оқушылардан сұрап, сабылып іздепті.

Ерасылдың анасы Сандуғаш Шойынжанова ұлының сағат 19:30-да үйге келгенін айтады. Әбден қорқып, жылаған бала не болғанын әзер түсіндірген. Кондуктор түсіріп тастағаннан кейін ол жеті аялдама бойы жаяу жүріпті.

Оқиға туралы жергілікті БАҚ жазғаннан кейін «УралТехСервис» ЖШС басшылығы қызметтік тексеру жүргізді.

"Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын басшылығы аталған қызметкерді жұмысынан босату туралы бұйрық шығарды", - деп мәлімдеді қала әкімдігі. 
Сіздің реакцияңыз
7
3
2
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel