Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім министрінің ұлы көшіріп жазған ғылыми жұмысы үшін ұятқа қалды

Опубликовано:

Тәжікстанның білім және ғылым министрінің ұлы жаңа диссертация қорғамақшы. 2018 жылы ресейлік "Диссернет" қауымдастығы Шохин Саидзоданы жұмыстарды көшіріп жазды деп айыптап, ол ғылыми атағынан айрылған деп жазады Centralasian.org.

Білім министрі ұлының ғылыми жұмысы көшірме екені әшкере болды
Шохин Саидзода президентпен. Фото: ca-news.org: UGC

Білім министрі Нұриддин Саидтың ұлы биыл сәуір айында жаңа кандидаттық диссертациясын Жоғарғы аттестациялық комиссияда қорғайды.

Шохин Саидзода 23 қаңтарда ғылыми жұмысын қайта жазып жатқанын растап, басқа пікір білдіруден бас тартқан.

Министр баласының жаңа диссертация бастауына өткен жылы плагиат жасағаны үшін айыпталуы түрткі болды.

Ол алғашқы кандидаттың диссертациясын 2011 жылы желтоқсанда қорғап, заң ғылымдарының кандидаты атанған. Плагиатқа қатысты сыннан соң, оның ғылыми атағын алып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1775019-bilim-ministrini-ly-ksirip-zazgan-gylymi-zmysy-sin-atka-kaldy/

pixel