RU
Алматыда бірнеше рет ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бірнеше рет ұрлық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының полицейлері аккумулятор ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Наурызбай ауданының полиция басқармасының сөзінше, төрт адамнан құралған топ жекеменшік секторында қылмыстық әрекеттерін жасаған.

Ұрылар Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары екендігі анықталған.

Олар түн жамылып үйдің алдында тұрған дабыл жүйесі жоқ көліктердің аккумуляторларын шешіп әкетумен айналысқан.

Қазіргі уақытта құрықталған азаматтардың 13 қылмысқа қатысы бары белгілі болды.

Полиция қазіргі кезде қызметкерлердің басқа да қылмыс фактілерін және ұрланған аккумуляторларды өткізген жерді анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ұрланған мүлікті сатып алғандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel