RU
Қостанайда адам қаққан жүргізуші жедел жәрдем шақырмай, қашып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда адам қаққан жүргізуші жедел жәрдем шақырмай, қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Қостанай полициясы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған ер адамды құрықтады деп жазады alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

mattsharplaw.com

Көрнекі фото: mattsharplaw.com

Оқиға 15 қаңтар күні болған.

34 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21099» көлігін жүргізіп келе жатып, 38 жастағы ер адамды қағып кеткен.

Бірақ жедел жәрдем мен полиция шақыртудың орнына ер адам танысына хабарласып, көлігін сүйреп әкетуді өтінген. Осылайша оқиға орнынан кетіп қалған.

Жәбірленушіалған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Іздеу барысында күдікті тұтқындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel