RU
Ақтөбеде үйі мен көлігін ойынға тіккен жігіт жындыханаға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде үйі мен көлігін ойынға тіккен жігіт жындыханаға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде үйі мен көлігін ойынға салып, миллиондаған несиесін төлей алмай қалған үш баланың әкесі суицид жасамақ болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Құмар ойынға салынған ақтөбелік жігіт жындыханаға түсіп тынды

Көрнекі фото: newsofgambling.com

Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығында 7841 адам есепте тұр. Мамандар психикалық дерттің де жүздеген түрі болатынын айтады.

Соңғы кезде құмар ойынға салынғандар да орталықтан ем іздеп барып жүр.

"2018 жылы азарттық ойынға салынып кеткен үш адам ем алды. Олар өздерін ауруға санамайды, өздіктерінен келмейді. Көп жағдайда ондай адамдарды тумалары әкеледі.

Мәселен, бір науқас біздің ауруханаға түсерден бұрын бар мал-мүлкінен айрылған. Ойынға үйін, машинасын салып, бірнеше несие алған. Жасап жүрген жұмысын тастап кеткен.

Өзі оқыған, жақсы жерде білдей инженер. Құмар ойындарға қалай шылдыққанын өзі білмей қалған. Үш баласы бар. Ішпейді, темекі тартпайды.

Азартқа салынған азамат өзін тоқтата алмаған. Ондай адамға көмек керек, әсіресе, отбасынан. Бірақ, ақша таппай тек шашуды білетін адамға қандай әйел шыдайды?!

Жалғыз қалған ер адамның күйзелісі күшейе береді. Жан-жақтан қарыздар қысып жатқанда ер адам суицид жасауға оқталған. Осы оқиғадан кейін бізге әкелді.

Айтып отырғаным бір ғана жағдай. Мұндай оқиғалар көп. Оларды емдеуге ұзақ уақыт керек.

Күнімен, түнімен ойынға кіріп кеткендер қиындық туғызып тұр. Бұл қазіргі болып жатқан қиындықтар", - дейді Ақтөбе облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері Гүлмира Оразова.

Қазір Ақтөбедегі жүйке жүйесі ауруына шалдыққандарды емдеу оратылығында 200-ден аса адам жатып ем алып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
2
4
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel