RU
Жыртық бәтеңке киген Уильям ханзада күлкіге қалды
Жаңалықтар Әлемде

Жыртық бәтеңке киген Уильям ханзада күлкіге қалды

Рассказать Вконтакте

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға келген Уильям ханзаданың масқарасы шықты. Ресми әңгіме барысында оның аяқ киімі жыртық екені байқалған деп жазады starhit.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Twitter

Фото: Twitter

Өткен жылы Меган Марл ханшайым халық алдына бағасы алынбаған көйлек те, іш киімі байқалатын декольте де киіп шыққан. Ал оның жұбайы Гарри жыртық бәтеңкемен жұрт көзіне түскен еді.

Экономикалық форумда Уильям ханзада ғаламшардағы экологиялық жағдай туралы тележүргізуші Дэвид Аттенбородан сұхбат алуы керек болған. Әңгіме барысында Кембридж герцогы аяғын қимылдатып қалады. Сол уақытта тілшілер ханзада бәтеңкесінің жыртық екенін аңғарған екен.

"Гарри екеуінің бәтеңкесі бір ме?", "Оларға жаңа бәтеңке керек сияқты", "Табаны жыртық па?" ,- деп жазған желі қолданушылары.

Табынушылар қос ханзада барлық ақшаларын жұбайларына жұмсайды деп болжаған. Ал етікшілер таза теріден жасалған аяқ киімдердің табандары жұқа болатынын алға тартты.

Фото: Legion-Media

Фото: Legion-Media

Ал ханзадалардың жұбайлары Кейт Миддлтон мен Меган Маркл күйеулеріне қарағанда өздерінің бет-әлпеттеріне қатты көңіл бөлетін көрінеді. Корольдік жанұяның бикештері люкс санаттағы әйгілі брендті киімдер мен масс-маркеттегі киімдерді жақсы үйлестіреді.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel