RU
Рудныйда жеңіл киіммен балабақшадан қашып кеткен сәби елді дүрліктірді
Жаңалықтар Қоғам

Рудныйда жеңіл киіммен балабақшадан қашып кеткен сәби елді дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Рудный қаласында кішкентай бала жаздық киіммен балабақшадан қашып кеткен. Қыстың суығында жеңіл киіммен жылап тұрған баланы жергілікті тұрғын көріп қалыпты. Ата-анасы болса баланы қараусыз қалдырған тәрбиешіге ешқандай кінә тақпаған деп хабарлайды "Костанайские новости" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Костанайские новости

фото: Костанайские новости

Оқиға 22 қаңтар күні Рудный қаласында орын алған. Бұл туралы Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында Жанна Нұржанова жариялады.

Өзінің жазбасында ол өзінің сіңлісі көшеде кішкентай баланы құтқарғанын жазған. Қыстың суығында сәби жаздық киіммен тұрыпты.

"Бала қатты жылады. Мұны көрген менің сіңілім үстіндегі тонымен баланы орап, жұмысына алып келген. Содан кейін полицияны шақырыпты. Кейінірек баланың артынан тәрбиешісі де келіп "кешіріңіздер, байқамай қалыппын" деп баланы алып кеткен... Ең қызығы, полиция хабар бермегенше, жоғалған баланы ешкім байқамаған", - деді Жанна Нұржанова.

"Костанайские новости" газетінің тілшісі Рудный қаласының әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрастырған.

"Бала 2015 жылы өмірге келген. Аталған ұйым заңды түрде тіркелмеген. Бұл мекеме балаларды қараумен айналыстаны жеке кәсіпкердің меншігінде. Олар ешқайда есеп бермейді. Салықты төлеп, мекемені жалға алып жұмыс істейді.
Бізді таңғалдырғаны баланың анасы тәрбиешінің үстінен шағымданған жоқ", - деді Рудный қаласы әкімінің орынбасары Елена Скаредина.

Әкім орынбасарының айтуынша, бәрі ата-анаға байланысты.

"Ол мекемеге баласын тапсырған соң, ата-ананы сол қанағаттандырады. Мен мемлекеттік қызметкер, әйел, ана ретінде бұндай іске ашуланамын. Анасы тәрбиешіге кінә артпаған соң, осылай қалады", - деді әкім орынбасары.

Сіздің реакцияңыз
0
2
4
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel