RU
Белгілі экстрасенс Головкиннің үшінші жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі экстрасенс Головкиннің үшінші жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал экстрасенс Әлия Сәлімова Геннадий Головкиннің спорттағы мансабында не күтіп тұрғандығы жайлы болжам айтты. Экстрасенстің сөзінше, боксшы жақын арада спортпен қош айтысуы да мүмкін екен деп жазады NUR.KZ.

"Битва экстрасенсов" жобасының қатысушысы Әлия Сәлімова боксшының мансабы бүгінде еш өзгеріс жоқ екенін айтты.

"Әр спортшының мансабында "күн атып, бататын" кезең болады. Генада дәл қазір сондай кезең болып тұр. Бірақ Сауль Альвареспен тағы бір жекпе-жек болатынын көріп тұрмын.

Онда кімнің жеңіп-жеңілетінін айту қиын. Себебі, таразыны көріп тұрмын. Ол дегеніміз – не біздің тарап, не екінші тарап жеңіп кетуі әбден мүмкін дегенді білдіреді",-деді экстрасенс.

Сонымен бірге ол боксшы көп ұзамай спорттық мансабымен қош айтысуы әбден мүмкін деген болжам айтты.

"Жаңа айтып өткендей боксшы мансабында "күн батқан" кезең болып тұр. Десе де ол спорттан кеткен күннің өзінде үлкен атақ-абыроймен кетеді. Дәл қазір қош айтыспайды, бірақ бірер жылдан кетуі әбден мүмкін.

Негізі бір жеңіліс болды екен деп, спорттағы бүкіл жетістіктерін ысырып қоюға болмайды. Головкин өзінің мықтылығын дәл қазір емес, бірақ алдағы уақытта тағы бір мәрте дәлелдейтін кезең болады", - деді экстрасенс.

Сіздің реакцияңыз
10
1
3
3
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel