RU
БАҚ: Нью-Йоркте алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық қыз ұсталды
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Нью-Йоркте алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық қыз ұсталды

Рассказать Вконтакте

Нью-Йорк қаласының тәртіп сақшылары 24 қаңтар күні Махаббат Әбдуәлиеваны тұтқындады. Бойжеткен өзін риэлтор ретінде таныстырып, адамдарды алдады деген күдікке ілінді. Полицейлердің айтуынша, 24 жастағы қыз ер адаммен сыбайлас болған. Бұл туралы CBSNewYork арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

newyork.cbslocal.com

Фото:newyork.cbslocal.com

Тұтқындалған бойжеткен өткен жылдың сәуір мен шілде аралығында жәбірленушілерге бірнеше мың доллар шығын келтірген.

Махаббат Бруклинде тұрған. Ол ұсақ-түйек жымқыру және алаяқтық фактілері бойынша айыпталып отыр.

Бойжеткен өзін риэлтормын деп таныстырып, бірнеше адамға бір пәтерді жалға берген. Алдын-ала төлем ретінде адамдардан әртүрлі ақша сомасын алып, ізін суытып отырған.

Бойжеткен Квинс тұрғынымен бірлесе әрекет еткені айтылады. Ер азамат әзірге құрықталмапты. Ол сегіз лақап атты пайдаланып, 11 адамды алдап үлгерген.

Тұтқындалған Махаббат хабарландыруды Facebook парақшасында жариялап отырған.

Алғашқы алаяқтығының құрбаны 22 жастағы бойжеткен болған. Ол қазақстандық қыз ұсынған пәтер үшін 500 доллар алдын ала төлем төлеген.

Сол күні Махаббат пәтерді басқа қызға көрсетіп, одан 200 доллар алған.

Осындай алаяқтық 10 шілде күні де жасалған. Бұл жолы Махаббат құрбанынан 700 доллар алған.

Осы жағдайға байланысты NUR.KZ СІМ-нен пікір білдіруді сұрады.

Сіздің реакцияңыз
13
1
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel