RU
Тарихи жеңіс: Қазақстандық шаңғышы әлемдік жарыста жүлде иеленді
Жаңалықтар Спорт

Тарихи жеңіс: Қазақстандық шаңғышы әлемдік жарыста жүлде иеленді

Рассказать Вконтакте

Сергей Ткаченко шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды деп хабарлайды olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Бірінші раундтан соң 19 жастағы Ткаченко 96,5 метрді бағындырып, бірінші орында тұрған.

Ал финалдық кезеңде ол 94,5 метрді бағындырып, 248,9 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. 

Сайыстың алтын жүлдесі 252,1 ұпай жинаған норвегиялық Томас Маркенгке, күміс жүлде германиялық Лука Ротқа бұйырған.

Қазақстан командасының бас бапкері Павел Васильевтің бұл жүлдені "тарихи жеңіске" балады.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет біз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алып отырмыз. Әрине, бұл біз үшін үлкен жетістік.

Жарысқа Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжановтар да қатысты. Биыл біз алғаш рет квоталар санын көбейтіп, қатысушы спортшылар санын төртке жеткіздік. Бұрын біздің ел атынан екі спортшыдан артық қатыспайтын.

Сондай-ақ, біз алғаш рет командалық турнирде бақ сынаймыз. Әлем бойынша 12 команда ғана қатысатын турнирдің финалына өттік. Бұл да тарихта бірінші рет болып отырған жағдай», - дейді бас бапкер.

Ал Сергей Ткаченко ел байрағын әлемдік жарыста көтергеніне қуанышты екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel