RU
Павлодарда үйсіз жүрген азамат трамвай рельсіне құлап түскен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда үйсіз жүрген азамат трамвай рельсіне құлап түскен

Рассказать Вконтакте

Павлодарда тұрақты баспанасы жоқ азаматтарды бейімдеу орталығының 37 жастағы тұрғыны рельске құлап, қалалық ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оқиға Павлодар қаласындағы құрал-сайман зауыттың маңындағы трамвай рельсінде 19:45-те орын алған.

Бұл туралы Instagram желісіндегі tipavlo_video парақшасында жарияланды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, рұқсат етілмеген жерден өтпек болған ер азаматты трамвай соғып кеткен.

"Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді полиция.

"Оқиға куәгерлерінің сөзінше, ер адам рельске шалынып құлап, басын құбырға соғып алыпты. Қазіргі уақытта 1982 жылы туған науқастың жағдайы тұрақты.
Ол бас сүйегі, кеуде қуысы және қолдарының жарақаттарымен бірінші қалалық аурухананың жарақат бөлімшесіне жеткізілді", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Павлодар трамвай басқармасының баспасөз қызметінің айтуынша, жұмыс уақытының аяқталуына байланысты болатын қарбалас бұл кезде азайған.

Осы оқиғаның салдарынан трамвайдың маршруты 25 минутқа кешігіпті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel