Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасиетті жұмада қандай табысқа кенелуге болады?

Опубликовано:

Ел арасында "жұма күні тілеген дұғалар қабыл болады" деген сөз бар. Көпшіліктің осы сенімі қаншалықты рас? Жұманың қасиеті жайлы islam.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото:portalb.mk
Фото:portalb.mk: Instagram

Исламтанушы Руслан Қамбар қасиетті Құраннан мысал келтірді.

"Сіздермен жұманың көптеген қасиетінің бірімен бөліскім келіп отыр. Құран Кәрімде "Жұма" сүресі бар. Аталмыш сүреде: "Ал, намаз аяқталғанда, жер бетіне (баратын жерлеріңе) тарқалыңдар да Алланың кеңшілігін іздеңдер. Әрі мұраттарыңа жетулерің үшін Алланы көп еске алыңдар" деп әмір етілген", - дейді Руслан.

Сондай-ақ, исламтанушы азамат жұманың көп табысқа кенелтетінін де айта кетті.

Жжұма намазын оқып болған соң жасалған еңбек табысты болмақ. Маңызды шаруаларыңызды жұма құлшылығынан кейін жасасаңыз. Сонда ісіңіз берекетті де берекелі болады. Табысты күннің олжасынан құр қалмаңыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775095-kasietti-zmada-kandaj-tabyska-keneluge-bolady/

pixel