RU
ІІМ мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жыққан оқушыларды анықтады
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жыққан оқушыларды анықтады

Рассказать Вконтакте

Қызылордада мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталды. Бұл туралы ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Садубаевтың сөзінше, оқиға осыдан бір жыл бұрын яғни 2018 жылдың 10-шы қаңтарында Қызылорда қаласында болған. Сол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасы полицияға шағым түсірмеген.

"Тергеуге дейінгі тексеру амалдары аясында мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жығып, мұның барлығын видеоға түсірген жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды", - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Аталған бап бас бостандығынан 5 жылға дейін айыруды немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді", - дейді Садубаев.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын желіде қатарластарына әлімжеттік көрсетіп жатқан мектеп оқушыларының видеосы тарап, елді дүр сілкіндірген еді.

Бұған қатысты Ішкі істер министрі жедел түрде жауап беріп, оқиғаның қайда болғанын анықтап, қатысы бар барлық жеткіншектерді анықтаған.

Кейін оқушыларға әлімжеттік көрсеткен баланың анасы ұлы үшін ата-аналардан кешірім сұрады.

Сондай-ақ, әлімжеттік үшін мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да, осы бейнежазбаны жазған адамдар да жауапқа тартылуы мүмкін екені айтылған болатын.

Бұл оқиғаға қатысты мектеп директорлары да үнсіз қалмай, бұрын-соңды бұндай жағдай болмағанын және барлығына ауыр тигенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
8
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel