RU
Ресейде сыныптасынан кек алмақ болған оқушы мектепке оқ жаудырды

Ресейде сыныптасынан кек алмақ болған оқушы мектепке оқ жаудырды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Енисей ауданы Краснояр өңіріндегі Абалаково ауылында тоғызыншы сынып оқушы мектептің маңына оқ жаудырған. Бұл туралы "360" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: krasnoyarsk.360tv.ru

Көрнекі фото: krasnoyarsk.360tv.ru

Анықталғандай, жасөспірім өзімен бірге мектепке қару алып келген. Алайда, оны кезекшілер ішке кіргізбепті.

Сол мезетте мектеп оқушысы мекеменің терезелері мен жанында тұрған автокөлікке оқ жаудыра бастаған.

Мектеп әкімшілігі баланың ақыл-есі кем болғанын, сондықтан ол түзету сыныбында оқып жүргенін мәлімдеді.

Учаскелік полицей төтенше жағдай орнына атыс басталған соң бес минуттан кейін жеткен.

Оқтар ұша бастаған соң мектептің барлық есіктері жабылған.

Полицейлер атыс бастаған жеткіншекті ұстап, оқиға орнында тергеу жұмыстарын өткізіп жатыр.

Мектеп оқушыларының бірі, жасөспірімнің өзін ұрған баладан кек алғысы келгенін айтқан.

Ұсталған жеткіншек әке-шешесі бала өсіру құқығынан айырылған соң атасы мен апасының қолында тұрған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel