RU
Денсаулыққа ең пайдалы балық анықталды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Денсаулыққа ең пайдалы балық анықталды

Рассказать Вконтакте

Краснодарлық ғалымдар ең пайдалы балықты анықтады. Ол Сібір көлдерін мекендейді деп хабарлайды rg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

fisherhook.ru

Көрнекі фото:fisherhook.ru

Ғалымдардың пайымдауынша, адам ағзасы үшін ең пайдалы балық Сібір көлдерін мекендейтін талма балығы екен.

"Талма балықтар құрамында омега-3 полиқаныққан қышқылдар көп болғанымен, бұл балықты жаппай сатылымға шығару мүмкін емес", - деді Ресей балық шаруашылығының басшысы Илья Шестаков.

Адамдар үшін сардина мен иваси сияқты балық түрлері де пайдалы екен. Пайдалы заттар құрамы жағынан олар талма балықтан сәл ғана кем түседі.

Жақында оларды өндіру жолға қойылыпты.

Сонымен қатар Илья Шестаков Ресейде мекендейтін ең пайдалы балықтар рейтингін құрастыруды тапсырған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel