RU
Алматыда дәретханадан шыққан қалдыққа тұншығып отырғандар жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда дәретханадан шыққан қалдыққа тұншығып отырғандар жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматының "Думан-2" ықшамауданы тұрғындары жеке тұрғын жай дәретханаларынан шығарылған қалдықтардың иісіне тұншығып отыр. Көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, ассенизатор көліктері Талғар тас жолының жиегін кәріз қалдығын төгетін орынға айналдырып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Көктем келіп, күн жылынса қалдықтар жағымсыз иістен бөлек түрлі инфекцияның қайнар көзі болып кете ме деп қорыққан тұрғындар Алматы әкімдігінен шара қолдануды талап етіп отыр.

"Думан 2" ықшамауданының тұрғындары Алматы әкімдігінен тұрғын үй кешеніне қарама қарсы алаңқайға кәріз қалдығын төгушілердің іс әрекетін доғару бойынша шара қолдануын сұрайды.

"Аталған орын тұрғын үй кешенінен небәрі 20 метр жерде тұр. (Талғар тас жолымен шығыс бағытқа қарай сол жақ бетіндегі ашық алаң-ред.) Қазірдің өзінде өте жағымсыз иіс тарап жатыр.
Ал қар ерісе мұның бәрі мыңдаған қала тұрғынына экологиялық, санитарлық мәселеге айналады. Жазда шыбын-шіркей маса қаптап, жұқпалы ауру таралуы мүмкін. Осыған байланысты жедел шара қолдануды сұраймыз", - дейді тұрғын Дархан Есімбеков.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл аумақтағы тәртіпке жауапты учаскелік инспектор бұл мәселеден әзірге хабарсыз екенін өзінің қызметке жаңадан тағайындалғанымен түсіндірді.

NUR.KZ порталы осы мәселеге қатысты сұрақты Медеу ауданының коммуналдық шаруашылық бөлімі мен экология бөліміне қойды. Әкімдік мамандарының айтуынша, кәріз қалдықтары заңды түрде төгіліп жатыр.

"Аталған аумақта арнайы кәріз қалдықтарын төгетін орын бар. Ол жер заңды", - деп жауап берді эколог маман.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel