RU
Атырауда екпеден соң 16 жастағы қыздың жағдайы нашарлап кетті

Атырауда екпеден соң 16 жастағы қыздың жағдайы нашарлап кетті

Рассказать Вконтакте

Атырау облысының Ақкөл ауылының 16 жастағы жеткіншек дифтерия мен сіреспеге қарсы екпеден кейін өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен деп жазады Атырау облысының коммуникаялар қызметінің Facebook парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

inkazan.ru

Көрнекі фото:inkazan.ru

23 қаңтар күні Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында екпеден кейін 16 жастағы жеткіншек өзін нашар сезініп, қол-аяғы тартылып, ауруханаға жеткізілген.

"24 қаңтарда жасөспірім санитарлық авициямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Компьютерлік томограмма жасалды. Баланың жағдайы қауіпті емес. Кешенді тексеру жүргізілуде", - деді Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының директоры Гүлшара Мүтиева.

Жасөспірімнің отбасында эпилепсиямен ауыратын бесінші сынып оқушысы бар екен. Бұл ағзаның екпені осылай қабылдауына әсер етуі мүмкін дейді маман. Сонымен қатар екпеден қорқудың салдары да осындай болуы мүмкін екен.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, Құрманғазы ауданында өткен жылды қазанынан бері 800 доза екпе жеткізіліп, 220 жасөспірімге салынған. Ешкімде мұндай кері әсерлер болмаған.

"Жеткіншектің жағдайы қалыпты. Құрысу белгілері жоқ. Ештеңе мазаламайды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel