RU
Динагүл Тасова Шырын мен Байзақова сияқты хайп жасамайтынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Динагүл Тасова Шырын мен Байзақова сияқты хайп жасамайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Астаналық модель Динагүл Тасова Айжан Байзақова мен Шырын Нарчаева сияқты хайп жасап, жұрт алдына қазақтың ұлттық киімі мен әшекейлерін тағып шықпайтынын айтты деп жазады NUR.KZ.

NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Астанада өткен сән көрсетілімінде төсін көрсетіп шыққан модель Динагүл Тасова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған баспасөз конференциясына қатысты.

Бойжеткен осындай батыл қадамы үшін соққыға жыққан азаматтық күйеуінің үстінен не себепті полицияға шағымданбағанын айтты.

"Мен одан кетіп қалғаннан кейін ол маған Skype-та жазды. Айтуынша, сол күні не істегенін өзі білмейді екен. Менімен кездескенге дейін психикалық қиындықтары болғанын айтты.
Емделетінін, мені қаншалықты қинағанын айтып, кешірім сұрады. Бұрын мұны тәкәппарлығының салдарынан мойындай алмағанын айтты", - деді модель.

Қазір ол бұрынғы қарым-қатынасты үзген. Оған жігіттің кінәсін мойындап, дәрігерлердің көмегіне жүгінгені жеткілікті екен.

Байзақова сияқты пиар жасауға болады, бірақ Нарчаева сияқты емес.

Данагүл модельдік бизнестегі кәсібін жалғастырыпты. Оған тағы да ашық киім киіп шығуға ұсыныс жасалса, бас тартпайды екен.

Бірақ ашық-шашық киім қазақтың ұлттық киімімен байланысты болмаса. Мысалы, Шырын Нарчаеваның жартылай жалаңаш фотосессияларына модель сын көзбен қарайды екен.

"Төсімді жалаңаштасам да, қазақтың ұлттық киімімен жартылай жалаңаш шығуға ешқашан келіспес едім. Қанша көрсетілімге қатыссам да, мұндайды ешқашан көрген емеспін. Бәлкім бұл өтпелі шақтың әсері шығар. Бірақ мәдени құндылығымызды бұлай қорлауға болмайды", - деді Динагүл.

Оған шапан немесе басқа ұлттық киімді киіп жартылай жалаңаш жүруге ұсыныс жасалса, бас тартатынын айтты. Сонымен қатар модель Шырын Нарчаеваның әлі жас екенін алға тартты.

"Байзақова сияқты басқа жолдармен хайп жасап, өзіне жұрт назарын аударуға болады. Бірақ ұлттық киімсіз. Дегенмен мен боқауыз сөздер мен әдепсіз әрекеттерді де құптамаймын, мұны балалар көруі мүмкін", - деді Тасова.

Модельдің сөзінше, ол Нарчаева мен Байзақова сияқты хайп жасамайды екен.

"Мен өз жұмысымды атқарып жүрмін. Модельдік агенттіктермен келісімшартқа отырғанмын. Дизайнерлер ойлап тапқан сахналық образдарды көрсетемін", - деді модель.

Айта кететін жайт, омырауын үлкейту отасын бойжеткен өзіне ұнау үшін жасатқан екен.

Сіздің реакцияңыз
7
3
0
0
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel