RU
Астанада ер адам несие алған келіншекті банктен үйіне дейін аңдып, тонап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ер адам несие алған келіншекті банктен үйіне дейін аңдып, тонап кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада банк бөлімінен ақшалай несие алған әйел адамды үйінің ауласында тонап кеткен деп хабарлайды елорданың полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Астана қаласының ПД

Фото: Астана қаласының ПД

Тергеу материалдарына бойынша, ер адам "құрбанын" банк бөлімшесінен бастап үйіне жеткенше аңдыған.

Сөмкесінде несиеге алған ақшасы бар келіншек үйінің ауласына кіргенде, ер адам тап беріп, ақшаны алып кеткен.

Тергеу барысында полицейлер күдіктіні тани алатын куәгерді анықтаған.

Оның түсініктемесінің негізінде 29 жастағы азамат тұтқындалды. Ол өз кінәсін мойындады.

Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Полиция оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз
1
4
4
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel