RU
Алматы облысында жүк көлігі ағалы-інілі оқушыларды қағып кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жүк көлігі ағалы-інілі оқушыларды қағып кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында ағалы-інілі екі оқушыны қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Бауырлардың бірі оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды облыстық полция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: amsrus.ru

Көрнекі фото: amsrus.ru

Қайғылы оқиға 24-ші қаңтар күні, күндіз Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде болған.

Жаяу жүргіншілер жолағы арқылы жолдан өтпекші болған 11 және 13 жасар ағалы-інілі екі баланы Hyundai маркалы жүк көлігі қағып кеткен.

11 жастағы бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болса, 13 жастағы жеткіншек түрлі дене жарақаттарын алған. Қазіргі таңда аман қалған оқушы амбулаторлық емдеуге жіберілген.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағымен  сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 23 жастағы көлік жүргізушісі Іле ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген", - деді Алматы облысы ПД баспасөз жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші алкогольді ішімдік қабылдамаған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel