Выйти
RU

Өскеменде екі қорап шоколад кәмпит ұралған тұрғын әшкере болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өскеменде дүкендердің бірінен "Яшкино" фирмасының екі қорап шоколад кәмпиттерін ұрлаған қала тұрғыны жазаға тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Көрнекі фото: altaynews.kz

Көрнекі фото: altaynews.kz

Оқиға 12 қарашада болғанымен ұрлық туралы енді ғана белгілі болып отыр.

Өткен жексенбіде полицияға 29 жастағы жергілікті тұрғын келіп, жасалған ұрлық жайлы арыз жазған екен. Ол сол күні түс кезінде 30-35 жастағы ер адам дүкен сөресінен екі қорап кәмпитті алып кеткенін айтады.

Іздеу шаралары барысында 35 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Күдікті кәмпит ұрлағанын мойындап отыр.

Енді ол Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1-бөлігі  бойынша жауапқа тартылып, үш жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өскеменде екі қорап шоколад кәмпит ұралған тұрғын әшкере болды