RU
Қостанай облысында ер адам әйелінің көңілдесін атып өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында ер адам әйелінің көңілдесін атып өлтірді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында ер адам әйелінің көңілдесін атып өлтірді. Ол енді 10 жылын түрмеде өткізетін болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Today.kz

Фото: Today.kz

Ер адам әйелмен азаматтық некеде тұрған. Алайда келіншек интернет желісі арқылы өзге азаматпен танысады.

Осылайша өзге жігітке сезімі оянған келіншек азаматтық некедегі күйеуіне мұны ашық айтады. Ал бұл ер адамды қатты ашуландырған.

Арада біраз өткенде ер адам әкесінің қаруын алып, екі досымен әйелінің көңілдесін іздеп шығады. Олардың әңгімесінің соңы атыспен аяқталып, әйелдің көңілдесі қайтыс болған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға былтырғы жылдың күзінде болған. Ер адамға сот үкімі енді шығып, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
6
4
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel