RU
АҚШ-та алаяқтық жасады деп айыпталған Махаббат Әбдуалиева жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

АҚШ-та алаяқтық жасады деп айыпталған Махаббат Әбдуалиева жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

АҚШ полициясы Қазақстан азаматын алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. 24 жастағы Махаббат Әбдуалиева өзін риэлтор ретінде таныстырып, Нью-Йоркта пәтер жалдауға көмектесем деп бірнеше адамның ақшасын жымқырып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Facebook / Mahabbat Abdualieva

Фото: Facebook / Mahabbat Abdualieva

Бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астанадан екенін жазған.

Сондай-ақ қазақстандық қыз АҚШ пен Малайзияның мықты жоғары оқу орындарын бітіргенін жазып қойған.

Алайда қазір мәліметтердің анық-қанығын Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығы анықтап жатыр.

АҚШ ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Махаббат 24-қаңтар күні ұсталған. Онымен бірге тағы бір ер адамның күдікке ілінгені айтылады. Бірақ, ол әлі табылмаған.

Дерек көздерге сүйенсек, жерлесіміз әлеуметтік желіде өзін жылжымайтын мүлік риэлторы, яғни, жалға берілетін пәтер тауып берумен айналысатын адам ретінде таныстырған.

Сөйтіп, былтыр жұрттан алдын ала төлем ретінде ақша алып, тақырға отырғызыпты. Ол клиенттерден 200 бен 700 доллар аралығында алып отырған.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel