Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушыны зорлады деп күдіктелген "Тұлпар-Тальго" жолсеріктеріне қатысты іс қозғалды

Опубликовано:

Жолаушыға сексуалды сипатта қорлық көрсетті деп күдіктелген жолсеріктерге "Топтық зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан- ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: Instagram

Алдын ала хабарланғандай, "Тұлпар-Тальго" пойызымен Астанадан үйіне қайтып бара жатқан келіншекті жолсеріктер зорлаған. Олар жабық купені қызметтік кілт арқылы ашып алыпты.

Жәбірленуші оқиға туралы полицияға және "НемолчиKZ" қоғамдық қорына айтып берген. Артынша оны күдіктілердің бірінің туысы аңди бастаған екен.

"НемолчиKZ" қозғалысының басшысы Дина Таңсәрінің айтуынша, түнде жәбірленушінің үйіне бір келіншек бас сұққан. Артынша ол қасына ер-азаматтарды ілестіріп келе бастапты.

Артынша көршілер келген адамдардың жәбірленуші туралы ақпарат сұрап, ол жайлы мәлімет жинастырғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1775206-zolausyny-zorlady-dep-kdiktelgen-tlpar-talgo-zolserikterine-katysty-is-kozgaldy/

pixel