RU
Қапшағайда бетперде киіп, дүкен тонаған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қапшағайда бетперде киіп, дүкен тонаған қылмыстық топ ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында үш адамнан құралған қылмыстық топ дүкендерге қарулы шабуыл жасаған. Қазіргі таңда ұсталған күдіктілер Қапшағай қаласындағы төрт  тонауға қатысы бар деген күдікке ілініп отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: yuga.ru

Көрнекі фото: yuga.ru

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтар айының басында Қапшағай қаласының полициясына белгісіз қарақшылардан зардап шеккен жеке дүкен иелері шағымданған.

Олар тапаншамен  қаруланған, бетперде киген белгісіз біреулер кешке дүкенге баса-көктеп кіріп, қарумен қорқыту арқылы барлық ақшаны тартып әкеткенін айтыпты.

"Ең тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобы қарақшылық жасады деген күдікке ілінген жергілікті үш тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта олардың екеуі қамауға алынды", - деді Қапшағай қаласы Полиция бөлімінің бастығы Эльдар Әбдікенов.

Іс-шара барысында күдіктілерден қылмыс жасағанда пайдаланылуы мүмкін тапанша және өзге жеке заттар тәлкіленген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel