RU
Үнді әуекомпаниясының "Дели-Чикаго" ұшағы жедел түрде Астанаға қонды
Жаңалықтар Қоғам

Үнді әуекомпаниясының "Дели-Чикаго" ұшағы жедел түрде Астанаға қонды

Рассказать Вконтакте

Air India әуекомпаниясының "Дели-Чикаго" бағытындағы ұшағы жедел түрде Астананың халықаралық әуежайына қонды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

"Бүгін сағат 07:30 шамасында Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына "Дели-Чикаго" бағытында ұшқан "Air India" компаниясының әуе кемесі жедел түрде қонды.
Ұшақтың Қазақстанға қонуына астмаға шалдыққан жолаушы әйелдің женсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Келіншек пен оның туыстары қалалық нөмірі екінші ауруханаға жеткізілді" , - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Анықталғандай, "Boeing 777" ұшағының бортында 341 жолаушы мен экипаждың 19 мүшесі болған.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында "Air India" әуекомпаниясының әуе кемесіне тиісті қызмет көрсетілген.

"Ұшақ Чикагоға Астана әуежайынан сағат 12:03-те ұшты" , - деп мәлімдеді әуежай өкілдері.
Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Фото: әуежайдың баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel