RU
Теміртауда көлік иесі өзіне ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Теміртауда көлік иесі өзіне ескерту жасаған жаяу жүргіншіні ұрып тастады

Рассказать Вконтакте

Теміртауда 38 жастағы көлік жүргізушісі елдің көзінше жаяу жүргіншіні ұрып тастады. Ер адамдардың текетіресіне зардап шеккен азаматтың әйелі, баласы мен досы куә болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: dneprchas.ru

Фото: dneprchas.ru

Оқиға өткен жылдың ақпан айында орын алған. 38 жастағы көлік жұргізушісі жасыл түске өтіп үлгермей, жаяу жүргіншілер жүретін жолдың үстіне тоқтайды. Сол сәтте жолдан өтіп бара жатқандардың бірі оған артқа қарай беруін сұраған. Алайда, көлік иесіне жасалған ескерту ұнамай қалып, ол ер адамды соққыға жығуға ниеттенген.

Жүргізуші өз көлігін тұраққа қойып, өзіне жол ережесін үйретпек болған жаяу жүргіншіні қуып жеткен. Ол ескерту жасаған ер адамға жойқын соққы бағыттайды. Нәтижесінде зардап шеккен азамат жерге құлап қалған. Бұл сәтте жүргізуші өз көлігіне қарай бет алды. Алайда, оны тәртіп сақшылары тұтқындаған.

Тәртіп сақшыларына ол текетіресті зардап шеккен жігіттің өзі бастағанын айтып ақталмақ болған. Бірақ, ер адам өз сөздерін дәлелдей алмады. Оған бұзақылық үшін айып тағылды.

Дәрігерлер зардап шеккен азаматтың мұрны сынып, бас-сұйек жарақатын алғанын анықтады.

Қылмыстық іс жақында ғана Теміртау қалалық сотына түсті. Жүргізуші бұзақылық бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылған. Оған қоса, ол 100 сағат қоғамдық жұмыспен айналысуға міндеттеледі. Сот айыпталған азаматтан зардап шеккен жігіттің үлесіне 250 мың теңге тәркіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel