Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорықтым": Бағлан Әбдірайымов бір жарым жыл бойы өзін жындар мазалағанын айтты

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов біраз уақыт бойы өзін жындар мазалағанын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Бір жарым жыл бойы түсініксіз аурумен ауырған әншіні дәрігерлер емес, дем салушылар құтқарып қалған. Өз басынан өткен аса ауыр кезеңді әртіс "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында ақтарды деп жазады NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің әншісі өмірінің астан-кестені шыққан уақытты еске алып, өзінің бойынан жындар табылғанын айтып берді.

"Біртүрлі өмір сүріп жатұаныма үш жылдай уақыт болды. Бір жарым жыл бойы ауырдым. Бойымды қорқыныш пен үрей билеп алды. Екі қадам жасай алмадым. Ұшаққа отырсам да, қонсам да қорқыныш болды. Бір жерге барып келу де қорқынышты болды. Тіпті таңертен тіс жууға бара жатқанда да бойымды үрей билей бастаған.
Ойладым мені жын ұратын шығар деп. Бармаған ауруханам мен алмаған емім жоқ. Каблуковадағы емханаға да барғанмын. Ол жерде маған екі қымбат дәрі берді. Оны екі күн бойы іштім де, өзімді танымай қалдым. Ешқандай шешім қабылдамайсың, мүмкіндік болса жата бергің келеді. Үнің шықпай қалады. Сосын бір күні лақтырдым ол дәріні. Сосын казиноға бара бастадым. Ол жерге барғанымда қорқыныш кетіп, ауруымды ұмытып кетемін.
Дем салушы ағаларымыз тазартты. Жындар әлемінен алыс болмай шығыппын. Олар менің бойымнан табылған екен. Бір жарым жыл бойы ауырып, мені мазалаған да сол үш әріптілер болыпты" , - деді әнші.

Бағлан Әбдірайымов қорқынышты құбылыстың өзінен бөлек, қарындасы мен жұбайын да мазалағанын айтты. Cонымен қатар, ол өз басынан өткен жайттардың кімнің кесірінен болуы мүмкін екенін де жеткізді.

"Бір ірі кәсіпкер де емеспін. Өнер жолында ешкімнің жолын да кеспегем. Ойлаймын кезінде бізден үміті үзіліп қалған қара көздеріміз бе деп. Өйткені, әншілердің үйленуі кезінде өмірден түңіліп қалатын жанкүйерлердің бары заңдылық. Сол кезде ренжітіп алған шығармыз" , * деп қайырды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін эстрада әншісінің құмар ойындардың құрбаны болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1775261-koryktym-baglan-bdirajymov-bir-zarym-zyl-bojy-zin-zyndar-mazalaganyn-ajtty/

pixel