RU
СІМ Нью-Йоркте ұсталған Махаббат Абдуалиеваға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

СІМ Нью-Йоркте ұсталған Махаббат Абдуалиеваға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана америкалық БАҚ өкілдерінде Нью-Йоркте ұсталған Махаббат Абдуалиева туралы ақпарат тараған еді. Бойжеткенге алаяқтық фактісі бойынша айып тағылған. Күдіктінің Қазақстан азаматшасы екенін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook / Mahabbat Abdualieva

Фото: Facebook / Mahabbat Abdualieva

"Иә, ол расымен Қазақстан азаматшасы. Оған алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып отыр", - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ өкілі Махаббат Абдуалиева тергеу уақытында қамаудан шығарылғанын мәлімдеді.

"Негізгі сот отырысы наурыз айына жоспарланып отыр", - деп толықтырды Смадияров.

Айта кетейік, бойжеткен шетелде өзін риелтор есебінде таныстырып, бір баспананы бірнеше адамға берген. Ол бұл ісін жалғыз атқармаған.

Ару Астана қаласының тұрғыны болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel