RU
Астанада "құпия иесі бар" екі қабатты коттедж өртеніп кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада "құпия иесі бар" екі қабатты коттедж өртеніп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада сенбі күні Жетіген көшесіндегі екі қабатты котеджден өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген видео бірден Instagram желісіндегі парақшаларда тарап кетті. Төтенше жағдай куәгерлері өртенген үйдің Алаш ауданында орналасқанын айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бейнежазбада жалынның зәулім үйді толықтай шарпығанын аңғаруға болады. Оған қоса, ғимараттың қасында полиция немесе өрт сөндіру қызметі бар болса керек.

Видео Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланған.

iKomek қызметі өртенген коттедж орналасқан Жетіген көшесі расымен Алаш тас жолы мен елордалық базардың маңында екенін мәлімдеді.

"Ешкім тұрмайтын екі қабатты коттедждің шатыры өртенген. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр" , - деді 109 қызметі.

Төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желілердегі басқа да парақшаларға тарап кетті. Ең қызығы, астаналақтыр мұндай зәулім үйдің бос тұрғанына таңғалды.

"Зәулім сарайдың құпия иесі. Ол адамның қанша ақшасы бар екен? Коттеджін оңайшылықпен тастап кетіп, өрт шалған кезде де келмейтіндей", "Иесі кім екен? Астанда бос қалған үйлер жоқ" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel