RU
"Бақыттымын": Айнұр Нұрсейітова үшінші күйеуімен ажырасып тынды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бақыттымын": Айнұр Нұрсейітова үшінші күйеуімен ажырасып тынды

Рассказать Вконтакте

Instagram жұлдызы Айнұр Нұрсейітова тағы бір күйеуімен ажырасып кетті. Жеке өміріндегі өзгеріс туралы ол әлеуметтік желіде бөліскен. Оқырмандары оның жолдасымен жолы екіге айырылғаны жайлы түрлі болжам жасай бергендіктен, келіншек бұл ақпаратты ел алдында растауды жөн көрген деп жазады NUR.KZ.

"Ресми түрде ажырасып кеткен соң, бақытты күндер де келіп жетті. Менің ажырасып кеткеніме қатысты не ойласаңыздар да маған бәрібір. Бұл менің өмірім, мен шынымен бақыттымын" , - деп жазған Нұрсейітова өз суретіні астына.

Бұған дейін желідегілер әлеуметтік желі жұлдызының күйеуімен түскен барлық суретін өшіріп тастағанына орай, оларды "айырылысты" деп болжаған болатын.

Бүгінде тарап кеткен қауесеттердің растығын Instagram жұлдызының өзі мойындап отыр.

Айта кетейік, Айнұр Нұрсейітова осыған дейін үш мәрте тұрмысқа шығып, үш некеде де бақытты бола алмай ажырасып кеткен.

Танымал блогер алдыңғы жылы күйеуімен ажырасып кеткен сіңлісі Ботамен Еуропа елдерінде жүр.

Әпкелі-сіңлілер Италиядағы сән апталығы аяқталған соң, енді Францияға бет алған. Жұбайларымен айырылысқан арулар бақытты кейіп танытып, демалысындағы сансыз суреттермен бөлісуде.

Сіздің реакцияңыз
32
0
9
7
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel