RU
Аты әлемге әйгілі филлипиндік танымал актриса қазақша сөйлейді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аты әлемге әйгілі филлипиндік танымал актриса қазақша сөйлейді

Рассказать Вконтакте

Филиппин елінің ең сұлу әйелдерінің бірі, «Биші ханшайым» атанып кеткен танымал актриса Майя Сальвадор алғаш рет қазақша сөйлейді.

Сонымен, Майя есімді сұлумен жақынырақ таныссақ. Біз анықтағандай, ол кинодағы рөлдерінде ғана емес, өмірде де ақылына көркі сай, ұстамды әрі қайсар бикеш болып шықты. Миллиондаған халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ару әлемдегі Ең Сұлу 100 Әйел тізіміне бірнеше рет енген. Оның Инстаграм парақшасындағы оқырмандар саны 5,3 миллионнан асып түскен. Расымен де, ең әдемі филиппиндік ару соншалықты мінсіз болғаны ма? Ендеше, оның Инстаграм парақшасына үңіліп көрейік.

1) Бақыт жолын күзеткен...

Майя өз отбасы мен жақындарын бәрінен жоғары бағалайды.

2) Табынушыларына деген ыстық ықылас.

Актриса өзінің жанкүйерлеріне деген ыстық ықыласын білдіруден аянып қалмайды. Әсіресе, мұны Майяның Twitter желісіндегі парақшасынан байқауға болады. Ондағы оқырмандар саны 1,6 миллионннан астам.

3) Нағыз еңбекқор!

Майя өзі сомдайтын әрбір образды дұрыс алып шығу үшін тыңғылықты дайындалады. Әр жаңа кейіпкердің мінез-құлқын тереңінен түсінуге тырысып, барынша жаттығады.

4) Еліктірер сұлулық!

Майя 2011 жылы FHM тізімі бойынша, әлемнің ең тартымды 100 әйелі ішінде 36-шы орынға тұрақтаған.

5) Өткенге оралу...

2015 жылы актриса cүйіктісі – танымал актер Джеральд Андерсонмен айрылысқан еді. Ал жуырда ғана Джеральд пен Майя Эйфель мұнарасының алдында бірге түскен селфилерін өз Инстаграм парақшаларына жариялады. Әрине, мұны да қос жұлдыздың жанкүйерлері назардан тыс қалдырмай, біразға дейін шулады. Екеуінің қайта бас қосқаны рас па?

6) Талантымен тәнті еткен...

Қазіргі таңда Майя өз отанында өтіп жатқан аты шулы WorldofDance жобасына қазылар қатарында қатысып жатыр. Иә, өздеріңіз түсінгендей, ол тек актриса ғана емес, сонымен бірге, кәсіби биші. Әншілігі тағы бар. Екі бірдей платиналық деген атауға ие.

7) Қазақша сөйлейтіні рас па?

Оған өздеріңіз куә болыңыздар! 28 қаңтар күні сағат 21:00-де 31 арнаны қосып, әлемдік хит – «Махаббатым, кеш мені» телехикаясының тұсаукесерін тамашалаңыздар! Онда Майя басты рөлді сомдайды. Мұндайды өткізіп алуға болмайды! Солай емес пе?!

Бірнеше марапатқа ие болып үлгерген дәл осы телехикаяның арқасында Майяның танымалдылығы бірден аспандады деуге болады. Телехикая әлемнің түкпір-түкпірінде белгілі. Актрисаның ерекше костюмдері өз алдына. Оның ішінде, бүкіл әлемге тарап кеткен Майяның қара түсті той көйлегін атап айту керек! Көйлек түсімен ғана емес, көздің жауын алатын ерекше әдемілігімен де көпшілікті таңдандырды. Ендеше, сіз де бағасын беріңіз!

Майяның қатысуымен атышулы «Махаббатым, кеш мені» телехикаясын 28 қаңтардан бастап 21:00-де 31 арнадан тамашалай аласыздар! Әлемдік кинобестселлердің тұсаукесерін өткізіп алмаңыздар!

Ең әдемі филиппиндік ару қазақша сөйлейді

*PR құқында.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
1
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel