RU
Көпшілік білетін тақпақты рэп қылып айтқан келіншек желіні жарды

Көпшілік білетін тақпақты рэп қылып айтқан келіншек желіні жарды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде той үстінде рэп айтқан әйелдің видеосы тарап кетті. Көңілді келіншектің бұл қылығы көпшілікті күлкіге қарық қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Әнін "Аю отыр партада..." деп бастаған әйел жұрттың назарын өзіне бірден аударған. Алғашында өлең сөздерін айтқан ол артынша жастарға бақыт тілейді.

Бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп кетті.

Олардың бірі келіншектің көңілді жүргеніне қуанса, екіншілері жасы үлкен әйелдің бұл қылығына ашуланып қалған.

"Ерсі екен, ұят", "Керемет, тойға келген соң көңілді жүру керек қой", "Ешқандай да мәнсіз, мағынасыз", "Тойдың сәні мен мәні кеткен заман", " Әр нәрсе өз жасына лайықты болу керек", "Жас кезінде рэп айтамын деп ойлаған ғой", "Басқаларға қалай өкпелейміз", -деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
13
1
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel