RU
Перуде қонақүй қабырғасы опырылып, тойға барған 15 адам ажал құшты
Жаңалықтар Әлемде

Перуде қонақүй қабырғасы опырылып, тойға барған 15 адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Перудің Абанкай провинциясында қонақүй қабырғасының құлауы салдарынан 15 адам қаза болып, 29 адам жарақат алды. Бұл туралы "НТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оқиға "Альамбра" қонақүйінде үйлену тойы салтанаты өтіп жатқан кезінде болған. Жәбірленушілердің барлығы тойға келген қонақтар екен.

Той болып жатқан жерде 100-ге жуық адам болған. Олардың жартысы опырылған қабырғаның жанында тұрыпты.

Алдын ала болжам бойынша, аймақта жауған толассыз жауын-шашын қабырғаның құлауына себеп болған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel