Выйти
RU

Төбелесте көз жұмған шалқарлық оқушының спортшы болғаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында мұз айдынында болған төбелесте мерт болған оқушы спорттық сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген. 15 жастағы жеткіншек оқыған мектеп мұғалімінің хабарлауынша, жасөспірім ақкөңіл, ашық бала болған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Вконтакте

Фото: Вконтакте: Facebook

Марқұмның қаладағы басқа мектептен Үргенішбаев атындағы мектепке ауысып келгеніне небәрі 1 жыл болыпты. Ол сабақты да жақсы оқыған екен.

Айта кетейік, екі күн бұрын Шалқардағы екі мектептің оқушылары мұз айдынында сырғанауға таласып қалған болатын.

Нәтижесінде, Үргенішбаев атындағы мектептің 15 жастағы оқушысы көз жұмды. Жанжал кезінде оған пышақ сұғып алған.

Тілшілерге берген сұхбатында Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Асқар Есмағанбетов қансыраған баланы достары кешкілік ауруxанаға алып келгенін хабарлады.

"Пышақ көкірек тұсын тесіп жіберген. Ішкі органдары қатты зақымдалған. Көп қан жоғалтқан жасөспірімді ажалдан арашалай алмадық", - дейді ол.

Мектеп мұғалімінің айтуынша, төбелескен балалар оқитын мектептер бір-біріне өте жақын орналасқан.

Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Адам өліміне қатысты деген Шалқардағы N6 мектептің оқушысына шара қолданылмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төбелесте көз жұмған шалқарлық оқушының спортшы болғаны белгілі болды