RU

Атырау әкімі жиналыста ұйықтап қалған шенеунікті сөгіп тастады (видео)

Нұрлан Ноғаев
Фото: Facebook

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құлсарыда жиын өткізіп, Жылы ой тұрғындарының сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды newsasia.kz ақпараттық агенттігі.

Барлық ведомство басшылары мен аудан тұрғындары қатысқан жиында Нұрлан Ноғаев ұйқыға кеткен шенеунікті оятты.

Ол өз алдында мүлгіп отырған мемлекеттік қызметкерге "Түнгі ауысымнан келдіңіз бе?", - деп жекіді.

Артынша облыс басшысы тыңдауға құлқы жоқ адамдардың залдан шығып кетуін сұраған.

Ал отырыста білім, денсаулық және бала құқықтарына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Бейнежазба Caspian news парақшасында жарияланған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1775450-atyrau-kimi-zinalysta-jyktap-kalgan-seneunikti-sgip-tastady-video.html