Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биатлоншы қыздың жарыс кезінде көзі көрмей қалды

Опубликовано:

Норвегиялық 22 жастағы биатлоншы Ингрид Тандревольд стадионды техникалық қызметкерлердің жетектеуімен тастап кетуге мәжбүр болған. Оның жарыс кезінде көзі көрмей қалған деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: eurosport.ru
фото: eurosport.ru: Facebook

"Мен соңғы ату кезінде ештеңені көрмей қалдым. Бұндай жағдай кейде орын алып тұрады. Қатты шаршаған кезімде, дұрыс көрмей қаламын. Ондай жағдайда барлығы ақ түске ауысып, басым айналады.

Сол кезде жата қалуға тырысамын. Шынымды айтсам, бұл мені кішкене қорқытады. Алғашқы рет 15 жасымда орын алған", - деді спортшы қыз.

Еске сала кетсек, Ингрид Тандревольд 2017 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1775479-biatlonsy-kyzdy-zarys-kezinde-kzi-krmej-kaldy/

pixel