RU
Атырауда өлі табылған келіншектің денесін аңдар талап тастаған

Атырауда өлі табылған келіншектің денесін аңдар талап тастаған

Рассказать Вконтакте

26 қаңтар күні Атырау қаласы Жұлдыз-2 ықшамауданында азаптап өлтіру белгілерімен табылған келіншектің денесін аңдар талап тастаған деп хабарлайды "Ақ жайық".

Көрнекі фото: Ақ Жайық

Көрнекі фото: Ақ Жайық

Жамылғыға оралған өлі келіншектің көкірек тұсынан түйрелген-кесілген жарақаттар табылған. Одан бөлек, марқұм бетінің жартысы ойық, ал оң аяғының табаны жоқ болып шығыпты. Соған қарағанда, өлгеннен кейін әйелге жабайы аңдар ауыз салған болуы мүмкін.

"Әйел азиялық келбетті, 25-30 жас шамасында, бойы 160-165 см, шашы толқынды күңгірт-сарғылт, иығына дейін келеді. Үстінде "ZARGA" деген жазуы бар көк түсті кеудеше, қара леггинсы бар. Осы факт бойынша қандай да бір ақпаратқа ие барша жанға полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз, - деп хабарлады Полиция департаменті.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel